Камбоджа өзінің әскери теңіз базасын Қытайға жалға берді деген мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ресми Пномпень батыс ақпарат құралдары таратқан бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтындығын айтып, журналистерді аталған базаға шақрыған. Өткен жексенбі күні The Wall Street Journal басылымы Пномпень Қытаймен Раем ауданындағы әскери теңіз базаны пайдалану туралы құпия келісімге қол қойды деп хабарлаған еді. Басылым Камбоджа оны 30 жылға жалға берді деп жағзған.