386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 127-ге жетті

  • 165
  • UPD: 21:24, 27.07.2019
Үндістанда су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 127-ге жетті

Үндістанның Бихар штатында нөсер мен су тасқынынан қаза тапқандардың саны 127-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат апатынан 8 миллионнан астам адам жапа шеккен. Материалдық шығын тіпті көп. Аймақта құтқару жұмыстары жалғасып, тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетілуде. Непалда 90 адам көз жұмып, 30-дан астам тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Синоптиктер тағы бірнеше күн бойы нөсер толастамайтындығын ескертіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы