386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте мыңдаған адам наразылық акциясына шықты

  • 163
  • UPD: 22:24, 27.07.2019
Гонконгте мыңдаған адам наразылық акциясына шықты

Гонконгте мыңдаған адам полицияның күш қолдануына наразылық танытып, жергілікті әуежайда шеру өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қара киім киген шерушілер «Еркін Гонконг» деп ұрандатып, үкіметтен демократия талаптарының сақталуын талап етті. Наразылық акциясы арнайы аймақтағы Юаньлан ауданында да өтті.

Еске сала кетейік, өткен жексенбі күні Гонконгте қылмыскерлерді экстрадициялау туралы заңға қарсы ауқымды шара ұйымдастырылған. Сол уақытта темірмен қаруланған бір топ адам шеруге қатысушыларға шабуыл жасап, 45 адам жаралаған еді.

Хабар 24 телеарнасы