386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канада тұрғыны ұлттық лотереядан $45,5 млн ұтты

  • 155
  • UPD: 23:16, 27.07.2019
Канада тұрғыны ұлттық лотереядан $45,5 млн ұтты

Канадада Lotto Max ұлттық лотереяның 60 миллион канадалық доллар көлеміндегі ($45,5 млн) джекпоты ойнатылды.

Бұл туралы сенбіде ұтыс өткізетін OLG компаниясының өкілі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түскен нөмірлер -11, 15, 17, 20, 24, 25 және 50. Бонус-саны - 30», - деп нақтылады ұйымдастырушылар.

Қазіргі уақытта белгілі болғаны, аяқ астынан ен байлыққа кенелген Канада тұрғыны болып шықты. Ал билет Британиялық Колумбия провинциясында сатылған.

Ұлттық лотереяның ережесіне сәйкес, енді сыйлықты алу үшін ұтыс иесі билетін ұйымдастырушыларға міндетті түрде көрсетуі тиіс, сондай-ақ жеңімпаздың кім екендігі жұртшылыққа айтылуы керек.

Хабар 24 телеарнасы