386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда шағын автобус 400 метрлік құздан құлап кетті

  • 188
  • UPD: 23:49, 27.07.2019
Грузияда шағын автобус 400 метрлік құздан құлап кетті IMEDI.

Кейбір жолаушылар автобус құлап бара жатқанда секіріп үлгерген.

Грузияның Пшавели-Абано-Омало асуында 400 метрлік биіктіктен шағын автобус құлап кетті. Бұл туралы жергілікті IMEDI.телеарнасы хабарлайды.

Алдын ала мәлімет бойынша автобуста 12 адам болған. Олардың кейбірі автобус құлап бара жатқанда секіріп үлгерсе, қалғаны автобуспен бірге құлады. Оқиға орнында құтқару операциясы жүріп жатыр. Тірі қалғандар тікұшақпен Телави қаласының ауруханасына жеткізілді.

Жол апаты шағын автобус жүргізушісінің рөлге ие бола алмай қалуынан болған.

 

Хабар 24 телеарнасы