Ливия жағалауындағы кеме апаты кезінде жоғалған 62 мигранттың мәйіті табылды
- 258
- UPD: 07:37, 28.07.2019

Ливияда құтқарушылар өткен бейсенбіде мигранттар кемесінің апатқа ұшырауы кезінде жоғалып кеткен тағы 62 адамның өлі денесін тапты.
Қазір марқұмдардың аты-жөндері анықталып жатыр. Сондай-ақ теңізге батып кеткен өзге босқындарды іздестіру жалғасуда.
Айта кетейік, шілденің 18-і күні Ливияның Хомс қаласына жақын жерде 255 мигрант мінген кеме аударылып, 110 келімсек із-түссіз жоғалып кеткен. Оқиға орынына жеткен құтқарушылар 145 мигрантты ғана жағаға аман алып шыққан еді.