386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда толассыз жауын туризм саласына шығын келтіріп жатыр

  • 176
  • UPD: 07:46, 28.07.2019
Грузияда толассыз жауын туризм саласына шығын келтіріп жатыр

Грузияда бірнеше аптаға созылған нөсер жауын Сванетия туристік аймағына зор шығын келтіруде.

Елдің солтүстік-батысында орналасқан өңірдегі бірнеше өзен арнасынан асып, таудағы мұздықтар ери бастаған. Тасқыннан бірнеше мекенді су басып, кезінде 62 миллион долларға салынған Местиячала су электр станциясы бүлінген. Су сондай-ақ көпірлер мен өзге де ғимараттарды шайып кетті. Жергілікті билік табиғат апатының салдарымен күрес күні-түні жүргізіліп жатқанын айтады.   

Саяхатшы:

- Тас жолмен жүру мүмкін емес.  Лай-батпақ тізеден келеді. Арғы бетте көліктер жүре алмай тізіліп тұр. Құтқарушылар болмағанда мына жерге жете алмас та едік.

Арчил Джапаридзе, Рача-Лечхуми және Төменгі Сванетия аймағының уәкілетті өкілі:

- Нөсерден өзендердің суы көтеріліп үш ауыл бөлініп қалды. Орталық тас жолды тазалап жатырмыз. Ол жақта да ауыр техникамен құтқарушы топтар жұмыс істеп жатыр. Ауылдарға апаратын жолдарды жуық арада аршып бітіреміз деген ойдамыз.

Хабар 24 телеарнасы