386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияның Идлиб аймағында әуе шабуылынан 11 адам қаза тапты

  • 161
  • UPD: 10:43, 28.07.2019
Сирияның Идлиб аймағында әуе шабуылынан 11 адам қаза тапты

Сирияның үкімет әскері оппозициялық күштер орналасқан Идлиб аймағын тағы әуеден бомбалап, 11 адам қаза тапты.

Олардың ішінде 6 бала бар. Халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың мәлімдеуінше, ұшақтар бейбіт аудандарға соққы жасаған. Алайда әскерилердің мәлімдеуінше, олар тек лаңкестік топтарды нысанаға алған.

Айта кетейік, үкімет күштері соңғы уақытта оппозиция күштері шоғырланған Идлиб аймағына әуеден шабуылды жиілетіп, адам шығын көбеюде. БҰҰ адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мәліметіне сүйенсек, сәуір айынан бері әуе шабуылдарынан 450-ден астам тұрғын қаза тауып, 300 мыңнан астам адам босып кеткен.

Хабар 24 телеарнасы