385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте заңға қарсы ереуілшілер полициямен қақтығысты

  • 172
  • UPD: 11:57, 28.07.2019
Гонконгте заңға қарсы ереуілшілер полициямен қақтығысты

Гонконгте қылмыс жасағандарды экстрадициялау туралы заңға қарсы наразы топ кезекті акция барысында полициямен тағы қақтығысқа түсті.

Шараға қатысушылар алдымен тәртіп сақшыларына шөлмек пен тас лақтырып, полицейлер оларға қарсы көзді жасаурататын газ қолданды. 

Еске сала кетейік, Гонконгте бірнеше аптадан бері қылмыскерлерді экстрадициялау туралы заңға қарсы бас көтерулер жалғасып келеді. Халық жергілікті парламенттен оны қабылдаудан бас тартуды талап етіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы