385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстан боза сусынын патенттеді

  • 189
  • UPD: 12:27, 28.07.2019
Қырғызстан боза сусынын патенттеді

Қырғызстанда боза шығарудың теxнологиялық желісіне патент берілді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Қырғызстан азаматтары А.Садиева, Н.Тилемишова, А.Абдраимов, Р.Халмуратовтар енді ұлттық «Бозо» сусынын патент негізінде брендке айналдырмақ.

Агенттіктің «Қырғызпатентке» сілтеме жасап xабарлауынша, теxнология тазалау-жуу машинасы, қайнату аппараты, салқындату ыдысы, араластырғыш, ашыту ыдысы, құйғыш-тығындағыш автомат секілді бөліктерден тұрады. Осының бәрі көтергіш қондырғысы бар жүк тасымалдайтын тіркемеге тізбектей орналастырылған. Теxнологияның бір ерекшелігі мынада: тазалау-жуу машинасы мен қайнату машинасының арасына араластыратын ыдыс, ал ашыту ыдысы мен құйғыш-тығындағыш автоматтың арасына арнайы иірмекті престегіш фильтр орнатылған. Боза — дәнді дақылдардан ашытып жасалатын ежелгі әлсіз ішімдік. Дайындалу технологиясы мен сақталу мерзіміне қарай жас боза, қорланған боза деп те аталады. Жас боза құрамында 4 — 6%, ал қорланған бозада 12 — 15% спирт болады.

Хабар 24 телеарнасы