385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йорктегі атыс салдарынан бір адам қаза тапты

  • 167
  • UPD: 13:26, 28.07.2019
Нью-Йорктегі атыс салдарынан бір адам қаза тапты

Нью-Йорктегі атыс кезінде жараланған адамдардың біреуі қайтыс болды.

Полиция мәлімдетінше, Бруклиндегі атыс салдарынан 38 жастағы ер адам қаза тапты. Тағы 11 адам жараланған.

Браунсвилл демалыс орталығында жыл сайын өтетін дәстүрлі кешке қарумен кірген қаскүнем ондағы адамдарды қырып тастамақ болған. Қылмыскер әлі қашып жүр.

«Бүгін Браунсвилл ауданында жан түршігерлік атыс болды», – деп жазды Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио твиттерде.

Хабар 24 телеарнасы