386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суданда шерулер кезінде қаза тапқандарға қатысты деректер жарияланды

  • 156
  • UPD: 17:17, 28.07.2019
Суданда шерулер кезінде қаза тапқандарға қатысты деректер жарияланды

Судан оппозициясы Хартумдағы толқулар кезінде қаза тапқандар жайлы өз мәліметін жариялады.

Олар полицияның әрекетін тексерген үкімет комиссиясының қорытындысы шындыққа жанаспайды дейді. Айтуларынша, өткен айда тәртіп сақшыларының қолынан 87 емес, 127 адам көз жұмған. Ал жараланғандардың саны 400-ден асады. Еске сала кетейік, сәуір айында Суданда әскери төңкеріс болып, елді 30 жыл басқарған президент Омар әл-Башир биліктен қуылған еді. Парламент таратылып, елде уақытша әскери кеңес құрылған. Бірақ оппозиция әскерилерден азаматтық үкімет орнатуды талап етіп, оның соңы қарулы қақтығысқа ұласқан. 

Хабар 24 телеарнасы