386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мальта әскерилері Жерорта теңізінде 70-ке жуық мигрантты құтқарды

  • 153
  • UPD: 18:30, 28.07.2019
Мальта әскерилері Жерорта теңізінде 70-ке жуық мигрантты құтқарды

Мальтаның әскери кемелері Жерорта теңізінде құтқарылған 67 мигрантты Валеттаға жеткізді.

Сөйтіп шағын ел қабылдаған босқындар саны бірер күннің ішінде 143-ке жетті. Ал теңізде 135 мигрантты құтқарып қалған Италия жағалау қызметінің кемесі өз елінің портына кіре алмай тұр. Себебі ресми Рим босқындарды қабылдауды Еуроодақтың өзге елдерінен талап етуде. Айта кетейік, Италияның билік басына былтыр келген жаңа үкімет елдің мигранттарға қатысты саясатын қатаңдатып, оларды қабылдауды азайтқан.

Хабар 24 телеарнасы