386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нигерияда лаңкестер 23 адамды өлтіріп кетті

  • 198
Нигерияда лаңкестер 23 адамды өлтіріп кетті

Нигерияда «Боко Харам» лаңкестері Борно штатындағы 1 ауылға шабуыл жасап, 23 адамды жер жастандырды.

Содырлар жерлеуден қайтып келе жатқан тұрғындардың алдынан шығып, оқ жаудырған. Қазір лаңкестер іздестірілп жатыр. Айта кетейік, «Боко харам» лаңкестік ұйымы Африканың батысындағы бірнеше мемлекетте 2009 жылдан бері ойран салып келеді. Нигерияның өзінде бұл лаңкестік топ мүшелерінің қолынан 27 мың адам мерт болған. Қысым көрген тағы 2 жарым миллионнан астам тұрғын босып кеткен.

Хабар 24 телеарнасы