386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда көшкін салдарынан 38 адам қаза тапты

  • 144
Қытайда көшкін салдарынан 38 адам қаза тапты Комсомольская правда

Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан Гуйчжоу провинциясында толассыз жауын салдарынан түскен көшкіннен қаза тапқандар саны артты.

Соңғы мәліметке қарағанда, одан 38 адам көз жұмған. Тағы 13 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті.

Белгілі болғандай, көшкін салдарынан ондаған үй қираған. Осыған байланысты қазір құтқару-іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Оған өрт сөндірушілер, әскерилер, сондай-ақ еріктілер жұмылдырылған.

Хабар 24 телеарнасы