386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Талибан» радикалды қозғалысы Ауғанстан билігіне шарт қойды

  • 140
  • UPD: 12:06, 29.07.2019
«Талибан» радикалды қозғалысы Ауғанстан билігіне шарт қойды

Тәліптер Ауғанстаннан шетелдік әскерлер шығарылса ғана Кабулдағы үкіметпен келіссөзді бастайды.

«Талибан» радикалды қозғалысының Катардағы саяси кеңсесінің өкілі Сухэйл Шахин осылай деп мәлімдеді. Бірақ ресми Кабул бұған дейін аталған топпен кездесу алдағы 2 аптаның ішінде өтеді деп мәлімдеген болатын. Тіпті Бейбіт реттеу жөніндегі министр Абдул Салам Рахимидің айтуынша, оған қатысушы құрамды анықтау жұмыстары басталып та кеткен. Ал АҚШ ауғанаралық келіссөздер Вашингтон «Талибанмен» қандай да бір келісімге қол жеткізген соң ғана жүргізіледі деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы