386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та тағамдар фестиваліндегі атыстан 4 адам көз жұмды

  • 130
  • UPD: 12:22, 29.07.2019
АҚШ-та тағамдар фестиваліндегі атыстан 4 адам көз жұмды russian.rt.

Калифорнияның Гилрой қаласында өтіп жатқан ауқымды шара кезінде атыс болып, салдарынан 3 тұрғын және күдікті көз жұмды.

Тағы 15 адам зардап шекті, деп хабарлайды russian.rt. АВС7  сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары фестивальге қарумен келген күдіктімен келіссөздер жүргізуге тырысқан. Алайда соңында ер адамды атып тастады.

Жергілікті аурухана өкілдерінің айтуынша, жараланғандардың кейбірінің жағдайы ауыр.

Бұған дейін АҚШ-тағы Gilroy Garlic Festival тағамдар фестивалі кезінде болған атыстан кемінде 60 адам зардап шеккенін хабарлаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы