386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Армениялықтар Вардавар мерекесін атап өтуде

  • 107
  • UPD: 16:47, 29.07.2019

Армения елінде үлкен той. Олар Вардавар атты су мерекесін атап өтуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мейрам бастауын пұтқа табынушылық заманынан алады. Бұл күні жұрттың бәрі бір-біріне су шашып ойнайды. Тіпті зообақ мекендеушілері де шеткері қалмайды екен.

Бүгін армяндардың көне дәстүріне сай бәрі де су шашу мерекесін атап өтуде. Олардың ішінде Мария мен Вячеслав есімді туристер де бар. Айтуларынша, олар Вардавар мерекесін алғаш тойлап жатыр екен. Сондықтан болар, қолдан тігілген бағалы кілемдерді жууға қуана кірісіпті.

Вячеслав, ресейлік турист:

Таза ауада, күннің астында өтіп жатқан тамаша мейрам. Бұдан басқа тағы не керек? Бәрі бір-біріне су шашып, қуанып жатыр.

Парламент ұйымдастырған акцияда еріктілердің жұмысы аз емес. Олар бүгін жүздеген кілемді жуып шығулары қажет. Ерекше шараның бастамашысы болған депутат Рипсиме Григорян.

Рипсиме Григорян, Арменияның ұлттық жиналысы депутаты:

Бұл мерекенің астарында тазару деген мағына жатыр. Бүгін адамдар кілемдерді көруге де келеді деп үміттенеміз. Себебі біз армян кілемдерін көпшілік арасында танымал еткіміз келеді. Мақсатымыз – Армения кілемдердің үлкен музейі болуы қажет.

Бұл мереке Ереванда орналасқан зообақта да ерекше өтуде. Саябақты мекен еткен жануарларға Вардавар мейрамында ерекше ас мәзірі ұсынылады.

Шаганэ Багдасарян, қоғаммен байланыс маманы:

Мереке құрметіне 15 жасқа дейінгі балалар үшін кіру тегін. Мейрамға орай арнайы бағдарлама да дайындадық. Оның ішінде мультфильм кейіпкерлерімен ойнау, жануарларды тамақтандыру және бір-біріне су шашу бар.

Ерекше су шашу мейрамы бұл елде күннің батысына дейін жалғасады. Сондықтан бірде-бір жан құрғақ күйде қалмайды.

Авторлары: Лаура Жусупбекова, Тигран Галстян

Хабар 24 телеарнасы