384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда премьер-министрліктен үміткер жарылыстан жарақат алды

  • 259
  • UPD: 15:19, 29.07.2019
Ауғанстанда премьер-министрліктен үміткер жарылыстан жарақат алды

Ауғанстанда үкімет басшысына үміткер Амрулла Салехтің кеңсесіне шабуыл жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 20 адам көз жұмып, тағы 50 азамат жарақат алған. Ал саясаткерге бытыра тиіпті. Амрулла Салех тәліптер мен басқа да лаңкестік топтарға қарсы мықтап күрес жариялауды көксейді. Ол 2010 жылға дейін Ауған елінің барлау қызметінің басшысы болған.

Хабар 24 телеарнасы