386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сеул Солтүстік Кореяға балықшылар қайығын қайтарып береді

  • 159
  • UPD: 15:19, 29.07.2019
Сеул Солтүстік Кореяға балықшылар қайығын қайтарып береді

Естеріңізде болса, бұған дейін 3 балықшы мінген қайықты Оңтүстік Кореяның шекара қызметі тұтқындаған еді.

Сөйтіп ол Янъян портына жеткізілген болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белгілі болғандай, Корей халық демократиялық республикасының әскери формасын киген жолаушы тәртіп сақшыларының назарына іліккен. Ал ұсталған азаматтардан жауап алу барысында олар Оңтүстік Корея суларына навигациялық қателік салдарынан келгенін жеткізіпті. Нәтижесінде жүргізілген тексерістен соң оқиғаның мән-жайы анықталып, балықшылардан барлық күдік алынып тасталды. Енді олар жуырда елдеріне оралады.

Хабар 24 телеарнасы