386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде ереуілшілер қалалық Думаға сайлаудың әділ өтуін талап етті

  • 172
  • UPD: 20:58, 29.07.2019

Айқай-шу, заңға бағынбау, тәртіп сақшыларымен қақтығысу. Қалалық мэрия жанында өткен рұқсат етілмеген митингтің соңы осылай аяқталды.

Құқық қорғау органдары мыңнан аса адамды темір торға қамаған. Түрлі дереккөздерге сүйенсек, наразылық акциясына 20 мыңға дейін адам қатысқан. Олар биліктен сайлаудың әділ өтуін талап етіп отыр. Естеріңізде болса, 8 қыркүйек күні Мәскеу қалалық думасына сайлау өтуі керек болатын. Сол дауыс беруге қатысу үшін кандидаттарды тіркеу рәсімі басталған-ды. Мәскеу қалалық сайлау комиссиясы тәуелсіз-оппозицияшыл үміткерлерді тіркеуден бас тартып, сайлау үдерісіне өткізбей қойған.

Олардың айтуынша тәуелсіз үміткерлер сайлауға қатысу үшін қажетті қолды жинамаған. Бұл жалған ақпар. Олар айлауға өтсін. Халық кімнің депутат боларын өздері таңдауы тиіс.

- Ереуілшілер заңды бұзған жоқ. Тыныш ғана өз пікірімізді білдірдік. Бірақ полицейлер халықты тарқату үшін жуан таяғы бар омондықтарды шақырды. Содан осындай жарақат алдым.

Тіркеуден өте алмаған тәуелсіз 15 кандидат сайлау комиссиясына шамданып отыр. Ал олар керісінше үміткерлердің жинаған дауысы жеткіліксіз екенін  айтады. Мәскеу прокуратурасы болса, бұл кандиттарға қарсы тергеуді бастап кетті. Оларға рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жаза тағайындалуы мүмкін. Бұл жаңалыққа қатысты ЕуроОдақ тарапы пікір білдірді. Олар Ресей  билігін халықаралық құқықты бұзбауға шақырды.  

Бұл жаппай тұтқындаулар мен ереуілшілерге қарсы күш қолдану, оппозиция мүшелерін тінту пікір білдіру еркіндігіне қайшы әрекет. Қыркүйекте өтетін сайлауда демократиялық үдеріс болуын қаласа, мемлекет үміткерлерге бірдей жағдай жасауы тиіс. Ресей Федерациясы  алдағы дауыс беру науқаны бойынша халықаралық құқық нормаларын сақтайды деген пікірдеміз.

Демалыс күнгі ереуілдер соңы осылай аяқталды. Наразы халық оппозицияшыл Алексей Навальный түскен аурухана маңайына жиналды. Ереуілшілер Навальныйдың уланғанын айтады. Айта кетейік, 24 маусым күні Алексей Навальный митинг өткізу тәртібін қайта бұзғаны үшін 30 күнге сотталған болатын. Темір тордан бірден аурухана түскен оппозиционерше дәрігерлер аллергия диагнозын қойды. Навальныйдың жеке дәргері болса мүлдем басқа пікірде.  

«Бізді дәрігерлер Алексейге кіргізбей қойды. Одан бөлек, ауруханада жатқан адамға түрменің тамақтарын беріп жатыр. Доширак беріп, жазып алайын дегені ме, түсінбедік. Алексейде 43 жасына дейін ешқандай аллергия болмаған.  Беті қызарып, ісініп кетуінің артында басқа нәрсе тұр». 

Оннан астам оппозиционер үміткерді сайлауға қатыстырмау, жаппай наразылық акциясы, тінті мен тергеулер, соңы тұтқындаулар. Мұндай айқай-шу тіпті президенттік сайлау кезінде болмаған. Десе де, бұл ереуілдер Ресейдің ішкі саясатында шытынау барын аңғартты. Сарапшылар да саяси қысымның соңы төңкеріске ұласып кетпес үшін тараптарды сабырға шақырды.

- Ұсталғандардың жағдайы не болды? 

- Жаппай ереуіл кезінде ұсталған 1300-ге жуық адамның 152-сі темір торда, сотты күтіп отыр. Қалғанына ескертулер беріліп, бостандыққа жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы