386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияға бір тәулікте 1,5 мыңға жуық босқын оралды

  • 126
Сирияға бір тәулікте 1,5 мыңға жуық босқын оралды salamnews.org

Соңғы тәулік ішінде Ливан мен Иорданиядан 1,5 мыңға жуық босқын Сирияға оралды.

Қайырымдылық акциясы аясында оларға алғашқы күндері талғажау болар азық-түлік таратылып жатыр. Осылайша, жалпы салмағы 3 тонна болатын өнімдер үлестірілді. Айта кетерлігі, соғыстың салдарынан тас-талқаны шыққан инфрақұрылым, мектеп пен аурухана ғимараттары қазір қалпына келтірілуде. Жалпы былтырдан бері Сирияға 200 мың адам қайтып оралды. Десе де, соғыстан бас сауғалап қашқан 6 жарым миллион сириялық бүгінде өзге елдерде жүр.

Хабар 24 телеарнасы