386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда түрмедегі бүліктен 52 тұтқын қаза тапты

  • 154
Бразилияда түрмедегі бүліктен 52 тұтқын қаза тапты

Бразилияның Пара штатындағы түрмеде болған тәртіпсіздік салдарынан 52 тұтқын қаза тапты.

Бұл туралы Рейтерс агенттігі хабарлайды. Келеңсіз жағдай ерлер түрмесіндегі екі банда арасындағы жанжалдан басталыпты. Даудың соңы ауқымды тәртіпсіздікке ұласқан. Бүлік кезінде қамаудағылар түрме қызметкерлерін де тұтқынға алған. Шенеуніктердің айтуынша, қақтығыс жергілікті уақыт бойынша таңғы 7-де басталып, 5 сағатқа жалғасқан. Жалпы аталған түрме 200 адамға арналған екен. Бірақ қазіргі уақытта онда 311 қамалушы жазасын өтеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы