385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда аптап ыстықтан 11 адам көз жұмды

  • 135
  • UPD: 10:11, 30.07.2019
Жапонияда аптап ыстықтан 11 адам көз жұмды Podrobnosti.ua

Жапонияда 22-28 шілде аралығында аптап ыстықтан 11 адам бақилық болып, тағы 5,7 мыңы ауруханаға жеткізілген.

Бұл туралы елдің Бас өрт сөндіру басқармасы мәлімдеді.  

Күншығыс елінде жаздың алғашқы жарты бөлігі жаңбырлы әрі салқын болған, дегенмен өткен аптада ауа температурасы күрт жоғарылап, кейбір өңірлерде 35 градусқа дейін жеткен, деп жазады ТАСС.

Зардап шеккендер мен көз жұмғандардың басым бөлігі – егде жастағы адамдар. Жергілікті билік өкілдері тұрғындарды күн астында көп жүрмеуге және көп мөлшерде сұйықтық ішіп, бас киім киіп жүруге шақыруда.

2018 жылы Жапонияда ыстықтан 150-ден астам адам қайтыс болған.

Хабар 24 телеарнасы