386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та фестиваль кезінде адамдарға оқ атқан қаскөйдің тұлғасы анықталды

  • 120
АҚШ-та фестиваль кезінде адамдарға оқ атқан қаскөйдің тұлғасы анықталды

АҚШ-тың Калифорния штатындағы аспаздық фестиваль кезінде шабуыл жасап, 4 азаматты мерт қылған қылмыскер анықталды.

Ол – 19 жастағы Сантино Уильям Леган есімді бозбала. Полицияның айтуынша, ол фестивальдегі қақпаны тесіп, адамдарға автоматтан оқ жаудыра бастаған. Салдарынан 4 адам қаза тапты. Олардың арасында 6 және 13 жастағы балалар да бар. Тағы 15 кісі жарақаттанған. Ал жас жігіттің мұндай қадамға баруына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Бұған қоса, қаскөйдің серіктесі болған деген де күдік бар. Сондықтан қазір оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы