386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран көшедегі кептеліспен қалай күресуде?

  • 123
  • UPD: 10:36, 30.07.2019

Ирандағы көлік қатынасы – тұрғындарды титықтатқан өзекті мәселелердің бірі.

Оның шешімін табу үшін жергілікті билік инновациялық амалдарды қолдануда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда жол инспекторларының пікірінше, ең алдымен жолда жүру мәдениетін қалыптастыру қажет. Тегеран көшедегі кептеліспен қалай күреседі?

Тегеранның кейбір аймағына көлікпен кіру үшін ақша төлеу қажет. Бұл – жолдағы кептеліс пен ауаға таралатын зиянды қалдықтармен күресу үшін қолға алынған шара. Бұл ретте «Менің Тегераным» атты интернет қосымша іске қосылған. Оның көмегімен ақылы аймақтағы жолпұлды төлеуге болады. Яғни көлік жүргізушісі ақылы жолға түскен кезде ұялы телефонына хабарландыру келеді. Сол мезетте қажет сомма телефондағы ақшадан алынады. Осылайша қала әкімшілігі тұрғындарды қоғамдық көлікпен қатынауға ынталандырып отыр.

Махмұд Әлиреза, такси жүргізушісі:

– Ия, көлік саны өте көп. Жолда жүру мүмкін емес. Бірақ сонда да адамдар көлікпен жүргісі келеді.Таксиге деген сұраныс жоғары. Бір көлікке бейтаныс бірнеше адам отырып, түрлі мекенжайға апаруды өтінеді. Ақылы жолдардың арқасында жағдай біраз жақсарды. Алайда бұл әлі аздық етеді. Қоғамдық көлікпен қатынау ыңғайлы болса да, жұрттың оған мінгісі жоқ.

Соңғы мәліметтерге сенсек, Ирандағы жолаушылар тасымалының 83% үлесі автокөлікке тиесілі екен. Алайда жолда көлік жүргізу мәдениеті көңіл көншітпейді. Жол ережесінің маңызын насихаттау үшін елде арнайы «Қауіпсіз көлік күні» белгіленген. Бірақ оның да пайдасы шамалы болып тұр.

Эхсан Агери, көлік жүргізушісі:

– Кеше үйден жұмысқа дейін көлігімді 2 сағат айдап бардым. Менің жұмыс орным соншалық алыс емес, небәрі 15 шақырым ғана. Бірақ жолдағы кептелістен қозғалыс қиындап кеткен. Барлығы да бір жерге асығып бара жатады, жолды қиып, кедергі келтіреді. Сондықтан жолда ұзын-сонар кептеліс пайда болады.

Кептеліске жолдың тарлығы да себеп. Өйткені, Тегерандағы жолдардың дені біржақты келеді. Қала ішілік жолдар ғана емес, тіпті халықаралық трассалар да біржақты қозғалыс үшін салынған. Ұзақ айналма жолдар қатынауды одан сайын қиындатады.

Авторлары: Юлия Гнатюк, Дмитрий Лукша және Махмуд Махмуди

Хабар 24 телеарнасы