386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та атыстан 5 адам қаза тапты

  • 124
  • UPD: 11:07, 30.07.2019
АҚШ-та атыстан 5 адам қаза тапты iz.ru

Американың Висконсин штатында атыс болып, 5 адам көз жұмды. Тағы 2 адам жараланды.

АВС News телеарнасының хабарлауынша, атыс 28 шілде күні көршілес Лейк Холл және Лафайетт қалаларындағы тұрғын үйлерде болған.  

Алдымен Лейк Холл полицейлері ер адам мен әйелдің өлі денесін тапты деп хабарлайды, riafan.ru. Кейін Лафайеттегі тұрғын үйлердің бірінен 3 адамның мүрдесі анықталды.

29 шілдеде рэп-топтың Филадельфия қаласында өтіп жатқан бейнетүсірілім кезінде де атыс болып, 1 адам қаза тапты, тағы бесеуі жараланды.

Хабар 24 телеарнасы