386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Роналду «Реалды» сағынып жүр

  • 164
Роналду «Реалды» сағынып жүр Vesti.kz

Криштиану Роналду «Реалды» сағынып жүргенін мәлімдеді.

«Ювентус» шабуылшысы «Аңыз» атты сыйлықты табыстау рәсімінде жеткіншектердің сауалдарына жауап беріп, Мадридтегі күндерін еске алды. Балалар португалиялық футболшы ойнаған командалардың жейдесін киіп шықты. «Алтын доптың» бес мәрте иегері өмірінің ең қызықты сәттері Мадрид қаласында өткенін және Испания астанасында сүйіктісін жолықтырып, балалы болғанын да атап өтті.    

Роналду 2016 жылы Еуропа чемпионатындағы алтын медаль спорттық ғұмырындағы ең айтулы жүлде екенін айтты.

Хабар 24 телеарнасы