386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде жол апатынан көз жұматындар саны соғыста қаза табатындардан әлдеқайда көп

  • 158
  • UPD: 12:32, 30.07.2019

Израиль билігі жол қауіпсіздігіне миллиардтаған қаржы құйып жатыр. Алайда апаттың алдын алу әзірге мүмкін болмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Израильде жол қауіпсіздігі өткір тұрған мәселе. Өйткені мұнда жол апатынан көз жұматындар саны жиілеп кеткен. Тіпті апат салдарынан опат болғандар соғыста қаза тапқандардан әлдеқайда көп. Мәселен, бір жыл ішінде террористер қолынан 30 израильдік көз жұмса, дәл сол уақыт аралығында көлік апатынан 300-ден аса адам мерт болған.

Жалпы Израиль жол инфрақұрылымына қомақты қаржы құйып келеді. Соңғы 10 жыл ішінде 6 млрд доллар жұмсапты. Қазір ел аумағында ескі көліктер жоқтың қасы. Бірақ мамандар дәл осы жағдай жол апатына әкелетін бірден-бір себеп дейді.

Энди Ефимович, сарапшы:

– Қазір жаңа көліктердің мүмкіндігі көп. Кейде адам көмегінсіз тоқтап, шамдарды да өз беттерінше қосады. Бұл жүргізушілерге қатты ұнайды. Дегенмен адамдар көліктің қаншалықты қауіпті екенін естен шығарады. Жүргізушілер көлік тізгінінде барынша сақ болып, үнемі жолға қарап отыру керегін ойламайды.

Жалпы Израильде қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс жоқ. Бұған қоса, көліктер легін басқару да жақсы ойластырылған. Бірақ оқта-текте оқыс жағдайлар болып тұрады. Жалпы, мамандардың пікірінше, қазір жүргізушілерді даярлау деңгейі төмендеп кеткен. Нақтырақ айтар болсақ, оларды жүргізуге емес, емтиханнан сәтті өтуге дайындайды.

Энди Ефимович, сарапшы:

– Тіпті болмашы ережебұзушылықтың өзі кейін ірі апатқа әкелуі мүмкін. Біз оны мүлдем ойламаймыз. Бұған қоса, күннің ыстығы да әсер етеді. Жалпы аптап кезінде адамның ойлау қабілеті нашарлайды. Израильдік жүргізушілердің ерекшелігі де осында шығар.

Қазір мемлекет жолдағы апатты төмендетуге айрықша көңіл бөлген. Осыған байланысты айыппұл өсіп, тұрғындар жүргізуші куәлігінен айырылып жатыр. Барлық жерге радар, бақылау камералары орнатылуда. Бірақ ол нақты нәтиже берер емес. Сондықтан енді балалар арасында көлікті дұрыс жүргізу насихатталып жатыр. Мектепте жол қауіпсіздігі пәндері де енгізілген.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы