386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжандық полицейлер жаяу жүргіншілердің жол ережесін сақтамайтынына алаңдаулы

  • 129
Әзербайжандық полицейлер жаяу жүргіншілердің жол ережесін сақтамайтынына алаңдаулы

Баку қаласында биылғы алты айда 244 жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда 77 адам қаза тауып, 216 адам түрлі жарақат алған. Бұл туралы біздің тілшімізге қалалық жол полициясының өкілі Вагиф Асадов хабарлады. Оның айтуынша, былтырғы жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының саны 17 процентке, ал адам өлімі 15 процентке азайған. Дегенмен ол жол-көлік оқиғаларының жартысынан көбі жаяу жүргіншілермен болып тұратына алаңдаушылық білдіріп отыр. 

Вагиф Асадов, Баку полициясы басқармасының баспасөз хатшысы:

– Жол-көлік оқиғалары негізінен жылдамдықты асыру, жаяу жүргіншілердің рұқсат етілмеген жерден өтуі және жол қиылыстары ережелерін бұзуға байланысты болып отырады. Әсіресе жаяу жүрген адамдарды қағып кету жиілеп кетті. Мұның алдын алу шарасы ретінде кінәлі жүргіншілерді ұстап, айыппұл саламыз. Бірақ жолдағы қауіпсіздік тек полицияға ғана емес, қарапайым адамдарға байланысты. Мектеп пен жоғары оқу орындарында және әлеуметтік жобалар аясында үнемі ағартушылық жұмыс өтуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы