386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та газ жарылысынан зардап шеккендерге өтемақы төленеді

  • 143
АҚШ-та газ жарылысынан зардап шеккендерге өтемақы төленеді

NiSource компаниясы Массачусетс штатындағы газ жарылысынан зардап шеккендерге 143 миллион доллар өтемақы төлейді.

Естеріңізде болса, 2018 жылдың қыркүйегінде болған төтенше жағдай бірнеше қалаға зиянын тигізген еді. Сол кезде оқиғадан бір адам қаза тауып, 25 кісі жарақат алған болатын. Өрт салдарынан 100-ге жуық ғимарат жанып кетті. Сөйтіп тұрғындар уақытша баспанаға орналасуға мәжбүр болған болатын. Бұған қоса, қыс мезгілінде мыңдаған үй мен кәсіпорын газсыз қалған. Осы ретте көгілдір отынды тасымалдаушы компания ағымдағы жылдың мамыр айында өзге 3 қала және 2 отбасымен жасалған келісім аясында тағы 80 миллион доллар өтемақы төледі. Жалпы жарылыс зардабын реттеу үшін бұл компания осы уақытқа дейін шамамен 1 миллиард доллар жұмсапты.

Хабар 24 телеарнасы