386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада қылмыскерлерден тәркіленген бағалы бұйымдар аукционға қойылды

  • 143
  • UPD: 17:57, 30.07.2019
Мексикада қылмыскерлерден тәркіленген бағалы бұйымдар аукционға қойылды

Мексика билігі қылмыскерлерден тәркіленген бағалы заттарды аукционға қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан түскен қаржы мұқтаж жандарға көмектесуге жұмсалмақ. Бұған ел президенті Андрес Мануэль Лопес бастамашы болыпты. Қазір сатылымға жүздеген бұйым қойылған. Олардың ішінде гауһар таспен әшекейленген Piaget сағаттарынан бастап, түрлі зергерлік әшекейлерге дейін бар екен. Олардың бәрі кезінде есірткі саудагерлері, салықтан жалтарғандар мен жемқорлардан алыныпты.

Хабар 24 телеарнасы