386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда аптап ыстық: 11 адам қаза тауып, 5 мыңнан астамы ауруханада жатыр

  • 195
  • UPD: 23:49, 30.07.2019
Жапонияда аптап ыстық: 11 адам қаза тауып, 5 мыңнан астамы ауруханада жатыр Kyodo

Жапониядағы аптап ыстықтан 11 адам қаза тауып, 5 664 тұрғын ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Жапония жаңалықтар агенттігінің дерегі бойынша, елдегі температура жаңбыр маусымының аяқталуына байланысты бірден көтерілген.

Өткен аптадағы науқастар санымен салыстырғанда, ыстықтан зардап шеккендер саны үш есе өскен. Өрт пен табиғи апатқа қарсы күрес агенттігінің дерегіне сәйкес, ыстықтан зардап шеккендердің 52,6 проценті – 65 жастағы және одан үлкен адамдар.

Ауруханада жатқандардың ішінде 119 науқас, дәрігерлердің айтуынша, кем дегенде 3 апта емдеу мекемесінде жатуы керек. Тағы 1792 адамның жағдайы ауыр.

Жапонияның 11 префектурасында 11 адам қаза тапты. Айти префектурасында ең көп адам – 392, Осака мен Токиода тиісінше 388 және 299 адам ауруханаға жатқызылған.

Синоптиктердің дерегінше, келесі аптада Жапонияда ауа температурасы орташа көрсеткіштен жоғары болады.

Хабар 24 телеарнасы