386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдағы аквапаркте оқыс оқиғадан 40-тан астам адам жараланды

  • 170
  • UPD: 09:46, 31.07.2019
Қытайдағы аквапаркте оқыс оқиғадан 40-тан астам адам жараланды

Қытайдың Лунцзин қаласындағы аквапаркте оқыс оқиға тіркелді. 

Мұнда бассейнде шомылып жатқан халықты жасанды толқын соғып, жұрт көзді ашып жұмғанша есеңгіреп қалды.

Қуатты соққыдан жүзушілер бір-бірімен ғана емес, бассейн қабырғасына да соғылды.

Оқыс оқиғаға бассейнге судың шектен тыс жоғары екпінмен берілуі себеп болған.

Оқиға нәтижесінде 5 адам түрлі сүйек сынығы жарақатымен ауруханада жатыр.

SinoWeibo

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы