384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда қызылшаға қарсы екпе жасау міндеттеледі

  • 335
Германияда қызылшаға қарсы екпе жасау міндеттеледі

Германияда қызылшаға қарсы екпе жасау міндеттеледі.

Балабақшалар екпе жасалмаған балаларды қабылдамайды, ал ата-аналарына екі жарым мың еуро мөлшерінде айыппұл салынады. Жаңа заң Бундестагта қолдаудан өткеннен кейін келесі жылдың наурыз айында күшіне енеді. Германия денсаулық сақтау министрі Йенс Шпанның мәлімдеуінше, міндетті екпелер аурумен күресу үшін қажетті шара. Статистикаға сүйенсек, 2018 жылы Германияда қызылшамен 543 адам ауырған. Ал биыл осы ауру 400-ден астам адамға жұққан. Бұл дерттің таралуына жол бермес үшін, мұғалімдер, тәрбиешілер және балалармен жұмыс істейтін өзге мамандар да екпе жасауы тиіс. Босқындар тұратын жатақханаларда да балаларға екпе жасалатын болды. 

Бердт, Оснабрюк қаласының тұрғыны:

– Мен міндетті екпе жасауды қолдаймын. Жыл сайын қызылшамен ауырған балалар саны артып келеді. Бұл шара дертке тосқауыл қояды. Екпелердің кері әсерін асырып айтады деп санаймын. Мен екі балама да екпе жасадым, оларда бәрі жақсы. 

Йорг, Берлин қаласының тұрғыны:

– Әрине балаларыма екпе жасадым. Мұны міндеттегенін дұрыс деп санаймын, өйткені қызылша – қауіпті ауру. Ал өз балаларына екпе жасамайтын ата-аналар өзгелерге қатер төндіріп отыр. Осы заң 2020 жылы емес, биылдан бастап жұмыс істегені жақсы болар еді. Қатал айыппұлды да қолдаймын.

Хабар 24 телеарнасы