386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте ереуілге қатысқан 44 адамға айып тағылды

  • 137
  • UPD: 09:03, 01.08.2019
Гонконгте ереуілге қатысқан 44 адамға айып тағылды

Гонконгте ереуілге қатысқан 44 адамға жаппай қоғамдық тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ереуіл соңы қақтығысқа ұласқанда наразы топ ашуға бой алдырып, полициямен төбелескен көрінеді. Енді оларға қатаң жаза қолданылуы мүмкін. Тіпті 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуда. Соңғы айларда Қытайдың қаржы орталығы саналатын Гонконгтен маза кетті. Экстрадициялау заңына қарсы шыққан халық бірнеше апта бойы ереуілдетті. Ақыры іс насырға шауып, билік заң жобасынан бас тартуға мәжбүр болған. Алайда халықтың оған әлі де сенгісі жоқ.

Хабар 24 телеарнасы