386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде жағаға шығып қалған бүкір кит құтқарылды

  • 153
  • UPD: 10:47, 01.08.2019
Перуде жағаға шығып қалған бүкір кит құтқарылды

Перудің Зорритос жағайжайында адамдар бүкір киттің өмірі үшін 1 күн бойы күресті, деп хабарлайды «Хабар 24».

10 метрлік кит балықшылардың торына түсіп, толқынмен жағаға шығып қалған. Балықшылар мен еріктілер шырмалған жіптерді кескенше су жануарының тынысы тарылып, қиындық туған. 20 тонналық алып китті қозғау үшін арнайы техниканың көмегіне жүгінуге тура келді.

Айта кетейік, бүкір киттер жер бетіндегі ең ежелгі сүтқоректі жануарлардың бірі болып саналады. Олардың орташа салмағы 30 тонна.

 

Хабар 24 телеарнасы