385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде аралар жаппай қырылып жатыр

  • 184
  • UPD: 11:48, 01.08.2019

Ресейдің 30-дан астам аймағында аралардың жаппай қырылу дерегі тіркеліп, омарташылар дабыл қағып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдайдан бал шаруашылығымен бірге көптеген өсімдік пен дәнді-дақыл тозаңданбай, экологиялық апат туындауы мүмкін. Әзірге ел аумағы бойынша қанша ара өлгені беймәлім. Мәліметтер әртүрлі. Ресей Ауыл шаруашылығы министрлігі шығын аса көп емес – 3%-тей ғана десе, осы саладағы кәсіби одақтың бірі оның көлемі 20% екенін айтады. Ал Ресей Омарташыларының ұлттық қауымдастығы аралардың жаппай қырылуынан келген шығын көлемі 3 триллион рубль деп отыр.

Михаил Третьяков, омарта шаруашылығының қожайыны:

- Аралардың жаппай қырылуы фермерлердің жерлерді өңдеу кезінде химиялық тыңайтқыштарды қадағалаусыз қолдануынан болған деп ойлаймын. Олар омарташыларды алдын ала ескертпейді. Кей шаруалар да өз қожалықтарын тіркемейтіндіктен, оларды құлағдар етіп отыру қиын. Меніңше, аралардың қырылуының басты себептері осы.

Хабар 24 телеарнасы