386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Техастағы мұнай өңдеу зауытында өрт шығып, 37 адам зардап шекті

  • 175
  • UPD: 11:56, 01.08.2019
Техастағы мұнай өңдеу зауытында өрт шығып, 37 адам зардап шекті

АҚШ-тың Техас штатында орналасқан ExxonMobil компаниясының мұнай өңдеу зауытында жарылыс болып, артынша өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиғадан 37 адам зардап шекті. Қазір олардың барлығы дәрігерлердің жіті бақылауында. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жарылыс жергілікті уақытпен таңғы сағат 11-дің кезінде болған. Оқиғаның нақты себебін анықтау үшін тергеу амалдары басталды. Ал, мамандар өртті ауыздықтап, тұрғындарға сыртқа шықпауға кеңес берді.

Хабар 24 телеарнасы