386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сібірдің Иркутск аймағында өзендер тасып, 25 елді мекенді су басқан

  • 163
  • UPD: 14:20, 01.08.2019
Сібірдің Иркутск аймағында өзендер тасып, 25 елді мекенді су басқан

Сібірдің Иркутск аймағында нөсер жауыннан өзендер тасып, 25 елді мекенді су басты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апат аймағында 3 мыңға жуық адам қалып қойған. Тулун қаласының әкімдігі Ийе өзені суының деңгейі тағы көтеріліп, тасқын жүру қаупі бар екенін ескертуде. Иркут пен Ока Саянская өзенінде де апатты жағдай қалыптасып, мыңнан астам тұрғын эвакуацияланған.

Еске сала кетейік, маусым айында да Сібірдің оңтүстігінде жауын нөсерлетіп, сел жүріп 25 адам қаза тапқан еді. 7 тұрғын әлі күнге дейін табылмай жатыр. 11 мың үй су астында қалып, ондаған мың тұрғын мал-мүлкінен айырылды. Ал табиғат апатынан келген шығын 29 миллиард рубль.

Хабар 24 телеарнасы