386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вашингтон Иранның Сыртқы істер министріне санкция салды

  • 111
  • UPD: 14:35, 01.08.2019
Вашингтон Иранның Сыртқы істер министріне санкция салды

АҚШ Иранның Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифке санкция салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вашингтонның мәлімдеуінше, оған Зарифтің өз елінің үгіт-насихатының басы-қасында жүріп, ядролық бағдарламаға қатысты жалған ақпарат таратуы себеп. Сондай-ақ «Иран билігінің өз халқына қарсы қылмысын жасыруда» дейді. Ал Зариф болса, АҚШ-тың оны өз мүдделеріне қауіпті тұлға деп танығаны үшін алғысын білдірді. Және де санкцияның өзіне еш әсер етпейтінін жеткізді.

Айта кетейік, Вашингтонның Иранның Сыртқы істер министріне санкция салатыны жайлы өткен айдың ортасында белгілі болған.

Хабар 24 телеарнасы