386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Берлиндегі шағын дүкендер жексенбі және мереке күндері жабық болады

  • 124
  • UPD: 18:01, 01.08.2019

Берлинде тәулік бойы істейтін шағын дүкендерге жексенбі мен мейрам күндері сауда жасауға тыйым салынбақ. Қалада осындай 2 мыңнан астам сауда орыны бар.

Сағат кешкі сегізге дейін және аптасына алты күн істейтін үлкен супермаркеттерден айырмашылығы «Штэти»  дүкендерінде ондай шектеу болмаған. Ал енді Берлин әкімшілік соты жексенбі мен мейрам күндері жұмыс істеуіне тыйым салуды шешкен. Германия конституциясы бойынша жексенбі демалыс күні саналады. Полиция шағын дүкендерді тексеруге кірісіп кетті. Бұл ережені бұзғандарға екі жарым мың еуроға дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Мехмед, кәсіпкер:

- Жексенбі күндері жұмыс істеп көрдім. Үш рет полиция келіп, суретке түсіріп алды. Маған үлкен айыппұл салынатын түрі бар. Кәсіпкер ретінде салық төлеп, өз шығындарымды ақтау қажеттігін түсінуі керек ғой. Мысалы, тоңазытқыштар күні-түні жұмыс істеуі тиіс. Үлкен дүкендер жабық кезде сауда жүргізіп, олармен бәсекеге шыдап жүрдік. Кәсіпкерлерге қарсы бағытталған бұл заңға қарсымын. 

Юлиан, Берлин тұрғыны:

- Бір жағынан бұл дұрыс заң. Дүкендерде жұмыс істейтін адамдарда біз сияқты демалыс күні болуы тиіс. Алайда кәсіпкерлердің өздері еңбек еткісі келсе неліктен оларға рұқсат бермеске? Әрбір адам өзі шешуі керек деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы