386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда табиғат апатынан 6 адам қаза тапты

  • 136
Үндістанда табиғат апатынан 6 адам қаза тапты Корреспондент.net

Үндістанның батысындағы Гуджарат штатында болған нөсер жаңбырдан 6 адам қаза тапты.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, қазір толассыз жауын салдарынан әуежай мен оқу орындары жабылған. Сондай-ақ бірнеше пойыздың жұмысы тоқтады. Аймақта табиғи апат болуы мүмкін деген қауіп бар. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Мамандардың айтуынша, алдағы күндері Гуджараттың кей аудандарында жауын-шашынды ауа райы сақталады.

Хабар 24 телеарнасы