386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италия бір апта бойы кемеде жатқан мигранттарға ел аумағына кіруге рұқсат берді

  • 99
Италия бір апта бойы кемеде жатқан мигранттарға ел аумағына кіруге рұқсат берді Политикус

Италия билігі өткен аптадан бері кемеде жатқан мигранттарға ел аумағына кіруге рұқсат берді.

Оған еуропалық 5 ел мен тағы бір діни ұйымның 116 мигрантты қабылдауға келісуі себеп. Осылайша Бруно Грегоретти кемесі төңірегіндегі жанжал басылды. Еске сала кетейік, өткен аптада Италияның жағалау қызметі Жерорта теңізінде 135 мигрантты құтқарып алған еді. Бірақ ресми Рим Еуроодақтың өзге елдері келімсектерді қабылдаса ғана оларды өз аумағына кіргізетінін мәлімдеген. Салдарынан жағалау күзет кемесі портқа аялдай алмай, теңізде жүзуге мәжбүр болды.

Хабар 24 телеарнасы