386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украина ғалымдарын жаһандық жылынудың салдары алаңдатып отыр

  • 112
  • UPD: 10:49, 02.08.2019

Жаһандық жылынудың салдары Украина ғалымдарын мазалап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көмірқышқыл газының ауаға көптеп таралуы тоқталмаса, 80 жылдан кейін Украинаның 1 млн гектарға жуық жері су астына кету қаупі төніп тұр. Салдарынан 75 мыңға жуық адам климаттық босқын қатарына алынбақ.

Соңғы 35 жылда жер-жаһан күрт жылынған. Адамзат қолымен жасалған өнеркәсіптік ревалюция: жаппай салынған зауыт пен фабрикалардың көмірқышқыл газдары  әлем температурасын жылыта түсті. Салдарынан Жердегі орташа температура 1 градусқа көтерілген екен. Рекордты жаңартқан аптап ыстық соңғы 10 жылда Украинаны да айналып өткен жоқ. Салдарынан Азов және Қара теңіздің су деңгейі жыл санап көтеріліп келеді. «Экодия» деп аталатын қоғамдық ұйымның зерттеуінде жаһандық жылынудың ауыр зардабы Украинаға да төніп тұрғаны анықталған.

Евгения Засядько, «Экодия» қоғамдық ұйымның қызметкері:

– Зерттеу ғаламдық проблеманың ауқымын анық көрсетті. Жер бетінің жылуы салдарынан 80 жылдан кейін Украинаның млн гектар жері су астына кету қаупі бар. Атап айтқанда, теңіз жағасындағы 590 елді мекен, үлкен және кіші қала, өнеркесіптік аймақ, жол және кемежай ауылшаруашылық алқаптары табиғат апатын көреді. 75 мыңға жуық адам климаттық босқын атануы мүмкін.

Осы жазда бірқатар Еуропа елдері және Украинада тіркелген аптап ыстық экология ғана емес экономикаға да мол шығынын келтірді. Қырық градустан асқан қатты ыстық Атом Электр Станциясының қалыпты жұмысына да қауіп төндіріп тұр. 

Олексей Пасюк, «Экодия» қоғамдық ұйымы басшының орынбасары:

– Бұл мәселе жүйелі жұмысқа кері әсерін тигізіп тұр. Айталық, жаз мезгілінде салқындатқыш құралының қызметіне сұраныс артады. Электрстанциялар қатты ыстықта қалыпты жұмыс тәртібін атқара алмайды. Атом электр станциялары салқындатқыш суды молынан тұтынуға не болмаса жұмысын ыстықтың беті қайтқанша тоқтатуға мәжбүр. 

Ғаламдық жылыну көмірқышқыл газынан бөлек табиғатқа тонналап төгілген қоқыстың кесірінен де үдеп келеді. Әр адам айналасын талмен көмкеріп, өзге емес өз қоқысын сұрыптап үйренсе де табиғатқа жасаған мол көмегі болар еді, - дейді мамандар.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Петр Борейко

Хабар 24 телеарнасы