385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда көгалдандырудың тың тәсілі пайда болды

  • 170
Германияда көгалдандырудың тың тәсілі пайда болды

Германияда мамандар көгалдандырудың тың тәсілін ойлап тапты.

Енді пластик қалдықтары қайта өңделіп 3D принтер арқылы түрлі геометриялық пішіндерден құрылған конструкциялар басып шығарылады. Бір қызығы онда өсімдіктер өсіп қана қоймай, тіпті жәндіктер мен жануарлар да өмір сүре алатын болады. Суару жүйесі де ойластырылған. Жоғарыдан құйылған су біртіндеп барлық өсімдікке тең таралады. Прототиптің басып шығарылған алғашқы нұсқалары айдың соңында Берлин көшелеріне орнатылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы