386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Англияда жауын салдарынан Тоддбрук бөгеті қирап түсті

  • 172
Англияда жауын салдарынан Тоддбрук бөгеті қирап түсті

Англияның орталығындағы Дербишир графствосында бірнеше күн жауған толассыз жауын салдарынан Тоддбрук су қоймасының бөгеті қирап түсті.

Апаттан Уэйли Бридж қаласының көшелері су астында қалды. Су тасқынынан аймақтағы көпір опырылып, көлік жол қатынасы тежелді. Тәртіп сақшылары апатты аймақтардан тұрғындарды шұғыл эвакуациялауға кірісті. Болжам бойынша 5 мыңға жуық адам өзге жерге көшірілуі тиіс. Әзірге апаттан жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы