385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сауд Арабиясында әйелдерге ерлерінің рұқсатынсыз саяхаттауға рұқсат берілді

  • 156
  • UPD: 23:09, 02.08.2019
Сауд Арабиясында әйелдерге ерлерінің рұқсатынсыз саяхаттауға рұқсат берілді

Сауд Арабиясының билігі әйелдерге ерлерінің рұқсатынсыз шетелге шығуға рұқсат берді, деп хабарлайды Қазақпарат Okaz басылымына сілтеме жасап.

Билік 21 жастан асқан әйелдерге төлқұжат алып, қамқоршының рұқсатынсыз елден шығуға мүмкіндік беретін құжаттар мен азаматтық мәртебе туралы заңға енгізілген түзетуді мақұлдады.

Қамқоршылық амалына сәйкес, әйелдер төлқұжат алуға өтініш бергенде немесе елден шығатын кезде, тұрмыс құрарда әкесінен немесе күйеуінен, кейде ағасынан немесе ұлынан рұқсат алуы керек болған.

Басылымның атап өтуінше, түзетулер қамқорлық жүйесін бұзбайды, дегенмен осы бағыттағы айтарлықтай өзгеріс болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы