386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда автобус өртінен 5 адам қаза тапты

  • 130
  • UPD: 07:25, 03.08.2019
Түркияда автобус өртінен 5 адам қаза тапты

Түркияның Балыкесир провинциясында жолаушылар автобусы өртеніп, 5 адам қаза тапты.

Тағы 15 жолаушы жарақат алды. Марқұмдардың арасында кәмелетке толмаған 2 бала бар. Оқиға Ивринди қаласына жақын жердегі тас жолда болды. Әзірге автобуста от қалай шыққаны белгісіз. Апаттың себептері анықталып жатыр. Мәліметке қарағанда төтенше оқиға кезінде автобуста 34 жолаушы болған.

Хабар 24 телеарнасы