386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ Халықаралық валюта қорының басшысы қызметіне үміткерді ұсынды

  • 136
  • UPD: 10:15, 03.08.2019
Еуроодақ Халықаралық валюта қорының басшысы қызметіне үміткерді ұсынды

Еуроаймақ елдері Болгария өкілі Кристалина Георгиеваны Халықаралық валюта қорының директоры қызметіне сайлады.

Сайлау фрнцуз қаржы ведомоствосының басқаруымен электрондық почта арқылы өткізілді.

Енді Георгиева Еуропалық Орталық банкі басшысы лауазымына ұсынылуына байланысты отставкаға кеткен Кристин Лагардтың орынын басуы мүмкін.

Сайлаудың ақырғы кезеңінде Георгиева мен Нидерланд өкілі Йерун Дейсселблум бақ таласты. Тек дауыс берудің төртінші турында ғана Георгиеваның жолы болып кетті.

Кристалина Георгиева экономист және профессор, тұрақты даму бойынша эксперт. 2017 жылдан бастап Дүниежүзілік банктің атқарушы директоры болған. Оның кандидатурасын әсіресе Франция қатты қолдады.

euronews.com

Хабар 24 телеарнасы